22.04.2014
Бюро отырысының соңында Сенат Төрағасы жоғарғы Палатаның депутаттары 28 сәуір мен 5 мамыр аралығында еліміздің аймақтарына аттанатынын хабардар етті.
Сенаттың баспасөз қызметі хабарлаған,дай, Сенаторлар сайлаушылармен кездесіп, әлеуметтік сала және экономиканың нақты секторының кәсіпорындарында болады.
Оған қоса, депутаттар Парламенттің қазіргі кездегі заң шығару қызметі және Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында алға қойылған міндеттерді іске асыру барысы туралы жұртшылықты хабардар етеді.