• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қ.Келімбетов: Ұлттық банк инфляциялық  шектеу ұстанымына өту мүмкіндіктерін зерттеуде 16.04.2014

«Қазіргі таңда Ұлттық банк Мемлекет басшысының қаржы-несиелік саясаты бойынша тапсырмаларын орындау жұмыстарын жүргізуде. Атап айтар болсақ ол, біріншіден, несиелік экономиканы ынталандыру үшін теңгелік жойылымды қамтамасыз ететін жаңа қаржылық-несие саясатын дайынау», - дейді Қ.Келімбетов.

Оның айтуынша, бүгінде Ұлттық банк инфляциялық  шектеу ұстанымына өту мүмкіндіктерін зерттеуде. Бұл өз кезегінде орташа есеппен инфляция деңгейін 3-4% аралығында ұстап тұру шараларын іске асыруға мүмкінік береді.

«Айта кету керек, инфляциялық таргеттеуге өтудің сәтті орындалуы барынша еркін курс алмасуын, экономиканың доллардан барынша арылуын талап етеді», - дейді бас банкир.

Оның айтуынша, аталмыш міндеттемелердің іске асырылуы Ұлттық банк пен Үкіметтің доллардан арылуыдың, бәсекелестіктің артуы мен импорт саясатын дұрыс жүргізудің бірлескен кешенді шараларының арқасында жүзеге аспақ.

«Осы уақыт аралығында Үкімет Ұлттық банкпен бірігіп Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаудың жол картасын жүзеге асырып келеді», - деді Ұлттық банк төрағасы. 


Back to the list