• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ұлттық банктің  алтын-валюта активтерінің көлемі 7,5%-ға артты - Қ.Келімбетов 16.04.2014

«2014 жылдың қаңтар-наурыз аралығында ҚР Ұлттық банкінің алтын  валюталық активтерінің көлемі 7,5 %-ға көбейіп, 26,5 млрд. долларды құрады», - деді К. Келімбетов.

Сонымен қатар ол, шетелдік валютадағы активтердің өсімін тілге тиек етті.

«2013 жылы Ұлттық қордың шетелдік валютадағы активі 70,5 млрд. долларға дейін артып, өсім 20% құрады. Ал, 2014 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 3% құрап, 72,8 млрд. долларға жетті», - деп Ұлттық банктың төрағасы хабарлады.

«Өздеріңізге белгілі болғандай, Елбасының тапсырмасы бар. Осыған орай, жақын арада Ұлттық банк пен Ұлттық қордың біріккен резерві 100 млрд доллар деңгейінедейін көтеріледі деп ойлаймыз», - деп ол өз ойын толықтырды.


Back to the list