15.04.2014
««Қазақстан-2050» Стратегиясы - өте үлкен құжат, ол ұзақ жылға есептелген, сонымен қатар, онда еліміздің даму әлеуеті салынған. Кей кездері құжатты алғаш оқығанда ондағы міндеттер іске асырылмайтын іспетті көрінеді. Алайда, Мемлекет басшысы көрегендігінің арқасында ұтымды қадам жасады, яғни ол басқару ғылымында қолданылатын заманауи зерттеулерді пайдаланды», - деп Б. Әбдрәсілов атап өтті.
Өткен жылғы «Қазақстан-2050» Стратегиясы ұзақ жылдарға есептелген басты және стратегиялық құжат ретінде таныстырылды. Ал, биылғы ҚР Президентінің Жолдауында 2014 жылы жүзеге асырылуы тиіс негізгі жоспарлар, мемлекеттік деңгейдегі бизнес жоспарлар көрсетілген.
«Елбасының мемлекеттік жоспарлауда бірінші рет қолданылған жүйесін бірегей олжа деп айтар едім. Қазақстан халықына Жолдауда біз тағыда жаңа мемлекеттік жоспарлау және басқару жүйесіне көшіп жатқанымызға көз жеткіземіз. Менің ойымша, осындай қоса берілетін құжаттардың яғни терминалогиялық сөздіктің пайда болуы стратегиялық құжатты нақты және барынша түсінікті етеді. Демек ол, Жолдау бойынша жұмыстың тиімділігін арттырады», - деп Академия ректоры атап өтті.