11.04.2014
«Ұлттық инвесторлар кеңесінде Ұлттық банкке Үкіметпен бірлесіп 1 маусымға дейін капиталға рақымшылық жасау туралы заң жобасын жасақтауды тапсырамын. Осы мақсаттағы бұған дейінгі талпыныстармен салыстырғанда шаралар жалпы декларациялауды енгізуге дейін жұмыс істеуі керек. Жеделділікті, нарықтық құпиялылықты, шынайылылықты қамтамасыз етуіміз керек», - деді Н. Назарбаев.
ҚР Президенті атап өткендей, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесті бір күшке жұмылдыру үшін құрылды.
«Қазақстан нарық жағынан алғанда кішкентай мемлекет. Ал, мықты кәсіпкерлікті дамыту үшін экспорттық негіз керек. Бұл тұрғыда үлкен өткізу нарығы ретінде біздің көршілеріміз Ресей мен Қытай. Егер біз бәсекеге қабілетті өнімді өндіретін болсақ, біз табысқа кенелеміз», - деп Мемлекет басшысы атап өтті.