11.04.2014
«Биыл рұқсаттама және ескерту жүйесін түбегейлі қарапайымдыландыратын заң қабылданады. Жыл соңына дейін рұқсаттамалар толықтай автоматтандырылады. Бұдан былай барлық нормативті-құықтық актілер кәсіпкерлікке қатысты реттеушілік әсер ету бойынша тесттен өткізіліп, енді дамыған елдердің ең үздік ұстанымдарына жету жолында бірте-бірте алға жылжуымыз керек», - деді Н.Назарбаев.
«Мемлекеттік қызметтің барлық кәсіпкерлік процестеріне жан-жақты сараптама жүргізу керек. Жұмысты ең адымен жергілікті деңгейден бастап, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдері, әкімдіктер де ат салысып, толықтай қолдауы керек. Үкіметке кәсіпкерлер палатасымен өзара қатынас регламентін бекітуді тапсырамын», - деп бұйырды Елбасы.
ҚР Президентінің айтуынша, Палата барлық кәсіпкерлердің мүдделері мен құқықтарын қолдауда белсенді жұмыс істеуі керек.
«Мен кәсіпкерлердің шағымдарын тікелей қабылдайтын сайт аштым. Егер сіздер бұған қосылсаңыздар, кәсіпкерлер мәселесін шешуде мемлекттік органдарға тәуелсіз баға беруге мүмкіндік береді», - деді Н.Назарбаев.