09.04.2014
Пленарлы отырыста Мәжілістің халықаралық істер, қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев заң жобасымен экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы реттейтін қатынастарды одан әрі жетілдіруге бағытталған бірнеше түзетулер енгізу көзделгенін айтты.Атап айтқанда: экстремистік немесе террористік мазмұндағы ақпараттық материалдарды тарату, экстремизмді және террористік қызметті қаржыландыру мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жетілдіріледі.