• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мәжіліс отырысында Қылмыстық-процессуалдық Кодекстің жобасы қаралады 08.04.2014

Депуттатар қорғаушы мен тергеу сотының уәкілеттілігінің кеңістігін кеңейтуге және қылмыстық сот өндірісіндегі тараптардың бәсекелестілігі мен тең құқылы болуына, сонымен қатар, жобаның кейбір нормаларын жетілдіруге  арналған өзгертулерді енгізуде, деп Маслихаттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтатын болсақ, қылмыстық  істегі азаматтардың құқығын күшейту мақсатында тараптарға куәгер мен жәбірленушілердің түсініктемесін сақтау бойынша тең құқықты беретін норманы енгізу ұсынылған.

Тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидатын жетілдіру мақсатында қорғаушы тарап жинаған нәрселерді, құжаттарды, мәліметтер мен өзге де деректерді қылмыстық іс материалдарына міндетті түрде қосып тігу ұсынылды.

Бұлтартпау шарасын қолдану кезіндегі кепілдің мөлшері елеулі түрде (екі есе) азайтылды, сондай-ақ айрықша жағдайларда, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қатысты кепілдің мөлшері төменгі мөлшерден де аз мөлшерге төмендетілді және осы сомаға баламалы өзге мүлік қабылданады.

Сот жаза тағайындау кезінде күдіктінің және оның қорғаушысының қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күзетпен ұстауда болуын ескеретін болады.

Жәбірленушілерге қылмыспен келтірілген зиянды оларға өтемақы төлеу қорынан өтеудің (орнын толтырудың) жекелеген аспектілері жақсартылды.

Тергеу судьясының құзыреті лауазымнан уақытша шеттетуді және жақындауға тыйым салуды санкциялау мәселелерін қараумен толықтырылды.

Әртүрлі сот сатыларында қылмыстық істі қарау мәселелерін реттейтін нормалар елеулі түрде жетілдірілді.

Отырыс барысында атап өтілгендей, Заң жобасының мақсаты қолданыстағы заңнаманың нормаларын Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасына сәйкес келтіру және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы тиімді қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.

Комитет Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Жоғарғы Соты, Конституциялық Кеңесі, құқық қорғау органдары, министрліктер мен ведомстволар, сондай-ақ бірқатар үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының алпыс  отырысын өткізді.

Кодекс жобасының ережелері, сондай-ақ, Астана қаласының сотында, Астана қаласының прокуратурасында, Республикалық адвокаттар алқасында, Астана қаласының Ішкі істер департаментінде және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінде болған отырыстарда да талқыланған.

Кодекс жобасының тұжырымдамалық ережелерін Палата   2014 жылғы 5 ақпанда бірінші оқылымда мақұлдаған.

Жалпы, Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Рамазан Сәрпеков бүгінге дейінгі атқарылған істер жайында комитет мүшелері мен мүдделі ұйымдар өкілдеріне баяндап берді. ҚР Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Меркель заң жасаушылар атынан қосымша баяндама жасады.

Талқылау өткен соң Комитет Кодекс жобасын сәйкес өзгертулерімен бірге Палатаның пленарлық отырысына кіргізі керек деп шешілді.


Back to the list