23.11.2017
«Облыстың кәсіпорындары ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінде ұсынылған жаңа зерттемелердің арасынан 31 жобаны іріктеп, оларды әрі қарай жүзеге асыру амалдарын қарастыруда»,- дейді облыс әкімі.
Сонымен қатар, ЭКСПО-да қарағандылық ғалымдар ұсынған жобалардың ішінен үшеуі қолданысқа енгізілген. Тағы 4 жоба тестілеу және жүзеге асырылу кезеңінде.
Бүгінгі күндегі әлем назарындағы ең өзекті бағыттардың – жаңартылған энергия көздері. Қарағанды өңірінде осы бағыт бойынша да тың жобалар қолға алынған.
«Облыста 3 күн электр станциясы, 2 жел паркі және 1 биогаз құрылғысын қамтитын жалпы қуаттылығы 261 МВт құрайтын 6 жаңа жасыл энергетика нысандарының құрылысы жоспарланған»,-деді Облыс әкімі Ерлан Қошақов.
Есбол Социалхан