• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбеде  жеке тұрғын үй құрылысы үшін 5,2 мыңнан аса жер телімі берілді 16.11.2017

«Бүгінде кезек бойынша Бауырластар-3, Думан, Жаңақоныс-2 тұрғын алаптарынан  5 273 жер телімі бөлінді. Жер телімдерін бөлу жұмысы жыл соңына дейін жүргізілмек. 2018, 2019, 2020 жылдары жеке тұрғын үй құрылысы үшін 28 мың жер телімін бөлу жоспарланып отыр»,-деп жеткізді қала басшысы.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін анықталған тұрғын үй алаптарын инженерлік инфрақұрылым нысандарымен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Он айдың қорытындысы бойынша су-газ-электрмен жабдықтау және кәріз желілерінің 16 нысаны пайдалануға берілді, төрт ағын стансасының құрылысын аяқтау жоспарланған.


Back to the list