15.11.2017
Облыс әкімі өңірдің нақты даму ауқымын, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы мен жеткен табыстар туралы баяндай келіп, ауылшаруашылығы кооперативтерінің жұмысы жөнінде де тоқталды. Биыл облыста 35 ауылшаруашылығы кооперативі құрылып, құрылған кооперативтерге 9 мыңнан астам жеке қосалқы копперативтің басы біріктірілген.
«Мемлекет басшысының «Астана қаласының азық-түлік белдеуін одан әрі дамыту» тапсырмасына сәйкес, аймақ жақында облыста шығарылатын азық-түлік өнімдерін Астанада саудалайтын «AQMOL» сауда нүктелері желісін ашты»,-деді Мәлік Кеңесбайұлы.
Облыстағы 10 ірі ауылшаруашылығы тауарөндіруші компаниясы сауда брендіне біріктірілді. Олардың ішінде, Агрофирма «Родина» ЖШС, «Ижевский» ӨК, «Астана Агро Продукт», «CAPITAL PROJECTS LTD», «Гормолзавод», «Айна сауда үйі» ЖШС және де басқа сүт, ет өнімдерін өндіретін кәсіпорындар Астана қаласында 3 нүктеде өз өнімдерін саудаламақ. Сонымен қатар, Ақмола облысы 2018 жылға қарай көтерме-бөлшек сауда дүкендердің санын 10-ға дейін жеткізбекші.
Есбол Социалхан