14.11.2017
««Ontustik Tourism. Invest 2017» атты халықаралық туристік, инвестициялық форумының негізгі мақсаты – өңіріміздегі туристік саланың дамуындағы өзекті мәселелер туралы пікір алмасу, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру, инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау болып табылады», - деді ОҚО кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Батырхан Құрмансейіт.
Шара аясында туристік аймақтарымызды паш ететін фотокөрме ұйымдастырылады.
Форумға ҚХР Туризм бойынша вице-министрі, ҚР мәдениет және спорт вице-министрі, Туризм индустриясы комитетінің төрайымы, «Kazakh tourism» ұлттық компаниясының төрағасы, «Атамекен» ҰКП өкілдері, сонымент қатар, алыс және жақын шет мемлекеттердің туризм саласының кәсіби мамандары, туристік ұйымдар, инвестициялық компания өкілдері, жалпы 300-ге жуық адам қатысатын болады.
Жалпы, аталмыш форумға қытай елінің туристік ұйымдары аса қызығушылық танытып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысына биылғы жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша 128 мың турист келген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 55 пайызға артып отыр.
Айта кетейік, форум «Қазақстан аумағындағы Ұлы Жібек жолы бойынша саяхат» фестивалі шеңберінде ұйымдастырылып отыр.