• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Б.Байбек:  Алматы 2019 жылдың соңына дейін тұтастай газдандырылады 09.11.2017

Қала әкімі сондай-ақ Алматының көлік кептелісі, экологиялық мәселелері туралы да кеңінен мәлімет берді.

«Жайлы  қаланың басты көрсеткіші - жақсы экология. Президенттің тапсырмасы бойынша ТЭЦ-2 газға көшірілмекші, ТЭЦ-1-ді жаңғыртудың ЖСҚ жасалуда. Келер жылы жалпы қуаты 550 мың тонна тұрмыс қалдықтарын өңдейтін және 60 мың тонна шикізат шығаратын арнайы  кешенді  іске қосу жоспарланған. Екі жыл ішінде 59 мың жаңа  ағаш отырғызылды, жыл аяғына дейін тағы да 15,6 мыңы отырғызылады. Энергияны жаңарту жобалары – кәріз жүйелеріне биогаз қондырғыларын, Кіші Алматы өзені арнасындағы кіші гидроэлектростанциясына тиімді жабдық орнату қолға алынды»,-деп атап өтті ол баяндамасында.

Әкімнің айтуынша, көлік проблемасын шешу жұмыстары да қауырт жүруде. Қалада күн сайын 700 мыңнан астам автомобиль жүреді. Бұдан пайда болатын көлік залалы 80%, сондықтан болашақта қоғамдық көлікті реформалау ісі одан әрі жалғасын таппақ. Бұл күнде метроның екі бекетінің құрылысы жүруде, келер жылы  МЖӘ қағидасы бойынша ЖРК қрылысын қолға  алу жоспарланған. Қазір  қаланың қоғамдық көлік паркі 1,4 мың бірлікті құраса, олардың  60%-ын газбен жүретін автобустар мен троллейбустар ұстайды.

«Биыл қала автопаркі 530 жаңа автобуспен толықпақшы, олардың  211-і бағыттар бойынша жолға шыққан. Екі жыл ішінде «ОҢАЙ!» жүйесі бойынша 20 млрд. теңгеге 350 млн. транзакцияланды. Осы шаралардың арқасында тасымалдаушылардың негізі  табысы екі есе өскен. Жоспарда FalconEuroBus компаниясымен бірге электроавтобус шығаратын зауыт салынбақшы», - деді Б.Байбек.

Қалада ұзындығы 21 км болатын «Орбитадан Көкбазарға дейін» велодәлізі және 68 км веложолдар жасалды. «Almaty Bike» велостанциясы 200-ден 1730-ға артты.

Кіші көлік айналымы, БАКАД бағыты бойынша үш радиалды жолдар салынды. Үкіметтің қолдауы  арқасында Абай даңғылы қала шекарасына дейін ұзартылуда. 30 км жаңа жолдар, жол айрықтары, магистральді көшелер жасалуда, 180 км жол орташа жөндеуден өтті. 7  көпір жаңарды, 5 өтпелі жол салынды. Сонымен қатар ақылы көлік тұрақтарын енгізу барысында бюджет түсімі  5 есе көбейді. Бұл ақылы тұрақтардың көлік қозғалысы мен қала тәртібіне, экологияға жақсы әсерін тигізіп жатқанын атап өтті қала әкімі.

Тамыз айынан бастап «Алматы-Ұзынағаш» және «Алматы-Қапшағай» темір жолдары күніне 2 рет «Оңай» жүйесінде қатынайды. Осы мақсаттағы субсидиялар түріне 5 айда 350 млн. теңге бөлінген. Бүгінде күнделікті жолаушылар ағыны 1700 адамды құрайды. Әкімнің айтуынша, тасымалдаудың жалпы әлеуеті күніне 3200 жолаушы болған жағдайда, мыңдаған қала маңы көліктернің қалаға кіруін азайтады.

«Бұдан басқа, қаланың кіреберісіндегі Қаскелең трассасының бойындағы жол бөліктері кеңейтілді. Алматы облысының әкімдігі Алтын Орда базарының жанындағы жол бөлігін кеңейтпекші. Тұтастай алғанда, біз осы мәселелерді шешу үшін Алматы облысы әкімімен тығыз байланыста жұмыс жасаймыз»,- деді Бауыржан Байбек мырза автожолдар туралы айта келіп.

 

Есбол Социалхан

 


Back to the list