• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қызылорданы жылумен жабдықтауға жартты миллионнан астам қаржы бөлінді 02.11.2017

Биыл жылумен жабдықтауға облыстық бюджеттен 533,341 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде, жылу желілерін жаңғыртуға 9 жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге бөлінген 87,416 млн.теңгеге жобалау жұмыстары аяқталып, мемлекеттік сараптамаға берілді.

Сондай-ақ, «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын жылумен қамту (І-кезең)» жоба-сметалық құжаттамаларын мемлекеттік сараптамасымен әзірлеуге бөлінген 101,675 млн.теңгеге, жобалау жұмыстары да аяқталды.

Арал, Қазалы және Жаңақорған аудандарындағы әлеуметтік нысандарының 36 жылу қазандықтарын газ отынына қайта жабдықтау жұмыстарына – 181,144 млн. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

«Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бу қазандығын қайта жаңғырту, Қызылорда қаласы Талсуат елді-мекені оңалту орталығының қазандығын газ отынына ауыстыру, Қызылорда қаласындағы №3 қалалық емханасы ғимаратын газдандыру жұмыстарына 175,471 млн. теңге бөлініп, осыған байланысты жұмыстар тиянақталды»-делінген басқарма мәліметінде.

Қызылорда қаласында жылу желілерін жаңғырту және кеңейту бойынша 2018 жылға 8 ЖСҚ-ны "Өңірлерді дамыту-2020" бағдарламасымен қаржыландыруға 4,2 млрд.теңгеге ҚР ИДМ бюджеттік өтінім ұсынылды.

 


Back to the list