01.11.2017
Марат Иғалиев өз баяндамасында қосымша әуе бағыттарының ашылуы Ақмола облысына туристердің ағылуын қамтамасыз етеді, ол өз кезегінде өңірдің туристік кластерін дамытуға мүмкіндік беретінін айтты.
«Қазіргі таңда ресейлік тараппен келіссөздер жүргізілуде. Нәтиже кейін белгілі болады», - деді ол.
«Four Seasons» жобасы Ақмолаға туристерді тарту бойынша жақсы нәтиже әкелді. «Four Seasons» аясында жазғы маусымда «Бурабай-2017» халықаралық регата өткізілді. Онда қатысушылар тек Қзаақстаннан емес, РФ-тан да жиналды.