30.10.2017
Облыс әкімінің айтуынша, өңірде кәсіпорындарды жетілдіруге арналған
Жол картасы бекітіліп, оның аясында аймақта 15 өндіріс жаңғыртылған, олардың қатарында «Восход-Oriel» ЖШС, «KMK Мұнай» АҚ, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, «Энергосистема» ЖШС, «АХҚЗ» АҚ және т.б. бар.
Үстіміздегі жылдың аяғына дейін тағы 5 нысан бойынша технологиялық жетілдіру жұмыстары аяқталады. 20 кәсіпорынның технологиялық жаңғыртылуының жалпы құны 20 млрд теңгені құрайды. Бұл шара еңбек өнімділігін 9%-ға арттырады, өнімнің өзіндік құны мен қайта өңдеу шығындарын 3%-ға, жарақаттану деңгейін 10%-ға төмендетеді, экологиялық жағдайды жақсартады және жаңа желілерді іске қосу арқылы шығаратын өнімдердің түрлерін кеңейтеді.
Алдағы бес жылда облыстың кәсіпорындарының жабдықтар мен үдерістері кемінде 400 млрд теңгеге жетілдіріледі.