18.10.2017
«Қазіргі таңда халықтың 63% тағиби газбен қамтылған. Келер жылы үш аудан орталықтарын табиғи газбен қамту жұмыстары қалды. Олар – Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандары», - деді әкім.
Қ.Көшербаев хабарлағандай, сәйкесінше жұмыстар ҚР Энергетика министрлігімен және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда.
«Облыс орталықтандырылған ауыз сумен қамту бойынша үздік көрсеткіштердің бірін көрсетіп отыр. Дәлірек айтсақ, облыс халқының 95% орталықтандырылған сумен қамту жүйесімен қамтылған», - деп толықтырды ол.
Бұған дейін, аймақ басшысы облыс тарихында алғаш рет күріштен рекордтық өнім - 500 мың тонна жинағанын жеткізді. Осы орайда, Қытай, Түркия, Иранға күріш экспорттау бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Ақбота Күзекбай