12.10.2017
Оның айтуынша, 2016 жылдан бері медиация кабинеттеріне шиеленісті және даулы мәселелермен 570 азамат жүгінген.
Діни ахуалды тұрақтандыру жөніндегі 2016 - 2018 жылдарға арналған облыстық желілік кестеге облыс ассамблеясы тарапынан 37 іс-шара енгізілген болатын. Бүгінгі күнге оның 24 өткізілді.
Облыс көлемінде 13 медиация кабинеттері ашылып, онда 63 медиатор қоғамдық негізде жұмыс атқарады. Олар негізінен сот органдарында және қала мен аудан орталықтарында.
Олардың 481 жергілікті медиаторлардың араласуымен оңтайлы шешімдерін тапты (оның ішінде діни, немесе этносаралық сипаттағы мәселелер жоқ).
«Қайырымдылық керуені» акциясы тоқсан сайын ұйымдастырылуда. Жыл басынан бері Ассамблеяның ұйытқы болуымен 2000 астам отбасына және 6800 балаға 62 млн. теңге көлемінде қайырымдылық көмектер берілді,- деп сөзін түйіндеді Маржан Төреғұлқызы