05.10.2017
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Инфрақұрылым жобалары жөніндегі вице-президент Б. Орынбасаров ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Маминнің отырысқа қатысушыларға құттықтауын оқып берді.
«Қазақстанда Рельс комиссиясының 133-отырысын өткізу рельс илеуі өндірісіндегі маңызды оқиға болып саналады»,- дейді Құттықтауда.
1520 жолтабаны кеңістігіндегі рельс өнімдерін дайындау мен пайдалануда Рельс комиссиясының ролі зор екендігі айта келіп А. Мамин «Ақтөбе рельс арқалығы зауыты Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған Еуразия кеңістігіндегі баламасыз замануи үлгідегі кәсіпорын. Мұнда аса жоғары сапалы бәсекелестікке сай өнім өндіріледі»,-деп атап өтті.
«Рельс өндіруді Қазақстанның теміржол көлігі машинасын жасау саласындағы басым бағыттардың бірі. Қазақстан аумағындағы тұңғыш рельс өнімдерін шығару теміржол көлігі саласының маңызды кезеңі», - деді ол.
«Ақтөбе рельс арқалығы зауытының өнімдері «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы: Алматы-Шу теміржол желісінің екінші телімі, жаңа Құрық теңіз портының инфрақұрылымы, Астана жаңа вокзалы кешені құрылыстарында кеңінен пайдаланылуда», дейді Б. Орынбасаров.
Зауыт өнімдері тиісті стенділік, алаңдағы сынақтардың барлығынан өткізілді. Қауіпсіздік, сапалық, техникалық регламент және халықаралық стандарт талаптарына сай.
Қазіргі таңда АРАЗ кәсіпорны аумағында жүрдек қозғалысқа арналған рельстің Р65 сыныпты ДТ 350 және ДТ 350 СС түрлері шығарылады.