05.10.2017
Қаланың Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Әсет Масабаевтің айтуынша, бүгінгі күні Төлебаев көшесіндегі инженерлік желілердің аударымы жүзеге асырылды, арықтар жиектері ауыстырылды, тас төсеу жұмыстары аяқталуда, жақында көшелерді жарықтандыруға арналған тіректер, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату басталады.
Мегаполис басшысы жасыл бульвар аумағы мен әр қиылыстағы жаяужолды кеңейту туралы, онымен қатар «Арасан» монша кешенінің жағындағы автотұрақ орны туралы да тапсырма берді. Сонымен қатар жоба бойынша жолды асфальттауды, велосипед жолдарын орнатуды, 6 мың шаршы метрлік павильондарды төсеуді, шұңқырларды, гүлзарларды орнату және көгалдандыру жоспарлануда.
Сатпаев көшесі және Қабанбай көшесі арасындағы жердегі Байсейітова көшесінде кайта жаңарту жұмыстары кезінде жаяу жургіншілер жолдың таспен төселуі, жасыл алаңның улкейтілуі, 400ге жуық көшеттер мен талдардын отырғызылуы, арық науаларының жаңартылуы, балалардың ойын, спорт алаңдары және де кіші архитектуралық нысандардың салынуы күтілуде. Жаяу жүргіншілер жүру жолының жалпы ауданы 6 мың м2, жасылдандыру алаңы 19 мың м2 жерді құрайды. Сатпаев көшесінің төменгі жағындағы жердегі көлік көшесі тұрған жерде жаяу жүргіншілер жолы ұзартылады.
Жоғарыда аталған көшелердін қайта жөндеу жұмыстарының аяқталуы осы айдың соңына жоспарланған.
Жалпы алғанда, саябақтарды, алаңдарды, қоғамдық кеңістікті көгалдандыру, қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстар келесі жылы да жалғасады.