04.10.2017
ШҚО әкімдігінің хабарлауынша, бұл технология бүріккіш-инъекциялы технология деп аталады. Ол шағын шұңқырларды, жарықтарды, ойдым-ойдым жерлерді жөндеу барысында пайдаланылады. Бұл әдіс өте ыңғайлы, әрі қарапайым.
«Бұл әдістің басты артықшылығы ол дәстүрлі әдіске қарағанда анағұрлым арзанға түседі. Аталмыш технология бюджет қаржысының шамамен 60% үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, біз жауын-шашын жауып тұрған кезде аталмыш технологияның таныстырылымын өткіземіз, осылайша біз ауа-райы қолайсыз болған жағдайда да жол жөндеуді жалғастыра беруге болатынын көрсете аламыз», - деп ағынан жарылды компания басшысы Олег Кортунов.
Облыстық жол басқармасы бастығының орынбасары Әсет Сұлтановтың хабарлауынша, жоба әзірге қарастырылу барысында.
«Шұңқырды жөндеуге арналған бұл технология облысымызда алғаш рет қолданылуда. Біз технологиялық процесті зерттейміз. Бұдан басқа, жабынды қыста қалай болатынын тексереміз. Егер бізге барлығы ұнаса, аталмыш әдісті болашақта қолданатын боламыз», - деді ол.
Атап өтер болсақ, Қазақстанда бүріккіш-инъекциялы технологиясы 2014 жылдан бастап пайдаланылып келеді.