02.10.2017
Алдағы екі жылда ішкі істер органдарының қажеттіліктеріне шамамен 4 млрд теңге бөлінеді деп жоспарлануда. Ол жайлы аймақ басшысы Ерлан Қошанов облыстық мәслихат сессиясы барысында депутаттар алдында жасаған есебінде мәлімдеді.
«Біздің учаскелік инспекторларымыз бен жол-патруль қызметкерлері тиімдірек жұмыс істей бастады.Соның арқасында ұрлық көлемі 20 %-ға, қарақшылық пен бұзақылық 40 %-ға, қоғамдық жерлердегі тәртіп бұзушылықтар 7,1 %-ға қысқарды», - деді Ерлан Қошанов.
Биылғы жылы ішкі істер органдары үшін 136 автокөлік, мыңға жуық видеотіркеуші құрылғылар мен радиостанциялар, сонымен қатар қару-жарақ сатып алынды. Айта кету керек, алғаш рет қаржыландыру көлемі 2014-ші жылдан ұлғайтыла бастаған.
«Бұл жұмыс әрі қарай да жалғаса береді. Біз алдағы екі жылда шамамен 4 млрд теңгені ішкі істер органдарының материалдық-техникалық қамсыздандыруына бағыттамақпыз», - деді облыс әкімі.