• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Семейдегі әуежайды қайта жөндеу жұмысы қарқынды жүргізілуде 25.09.2017

Қазіргі таңда ұшып-қону жолағы жаңартылды. Жұмыс кестеге сай қызу жүріп жатыр. Жыл басынан 4,8 млрд. теңге игерілген. 

«Аз уақыт бұрын күрделі істі қолға алдық. Енді келер жылдың маусымынан бастап семейліктер ғана емес, жақын маңдағы аудан тұрғындары да жоғары қауіпсіздік талаптарына толық жауап беретін әуежайдан ұшу мүмкіндігіне ие болады. Бұл жер сондай-ақ, қаладағы маңызды инфрақұрылым қатарын толықтырады. Оған сенімін зор», - деді аймақ басшысы.

Даниал Ахметов әуежай толық жөнделгеннен кейін ұшу географиясы артатынын айтты. Тарих тағлымында ойып тұрып орын алар Семей үшін бұл туристер тартуға мол мүмкіндік берері сөзсіз.


Back to the list