• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Квадрокоптерлер өндірісте жарақаттану қаупін азайтуға мүмкіндік береді 19.09.2017

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы  «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Шығыс» кенішінде заманауи  технологияларды пайдаланудың арқасында жарақат алу  қауіпін төмендетіп, қол жеткізу қиын жерлер мен опырылу орындарына  тексеріс жүргізу, думпкарларға габаритты емес жыныс кесегін арту қиындықтарын еңсеруге көмек көрсету, сонымен салынып жатқан нысандардың құрылыс жұмыстарын анық бақылауға мүмкіндік туды.

Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы  қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің мамандары өндіріске келіп түскен квадрокоптердің арқасында енді кәсіпорынның көптеген үдерістерін, қызметкерлер мен мердігерлердің жұмысын қадағалай алады. Заманауи жабдық «жарақат алу деректерін  нөлдік деңгейге төмендету» мақсатына жетудің тиімді құралдардың  бірі.

«Біз дронды ең алдымен Екібастұздағы  «Шығыс» кенішінде жұмыс істеу үшін сатып алдық. Оның көмегімен біз кеніште маркшейдерлік түсірілім жасауға ниеттіміз. Көзге елестетіңізші, енді біз «нүктелер» бойынша ұзақ жол жүрудің орнына көріністі бүтіндей көріп, жынысты жинауға, үйіндіні құруға, жол салуға ең қолайлы учаскені анықтай аламыз және сонымен бірге жанармайды үнемдейміз. Сонымен қатар жыныс жарылысы болмай қалған жағдайда жарылғыштар қойылған жерді қарап шығуға болады, бұл адамдардың жарақат алу қаупін  анағұрлым азайтады», - деді «ЕЭК» АҚ қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің бастығы Сергей Руссу.

«ЕЭК» АҚ ақпараттық технологиялар және басқару жүйесі басқармасының бастығы Жасұлан Смағұловтың сөзіне сүйінсек, төртінші буынды квадрокоптердің үлгісі 2017 жылдың үздігі болып табылды:

«Дрон бағыттаудың бес инфрақызыл датчигімен қамтылған, кедергіні кез келген жақтан оңай айналып шығады және жиіліктің жүктемесі  тығыз «Шығыс» кеніші үшін ерекше өзекті болып табылатын екі әртүрлі жиілік диапазонында жұмыс істейді. Сонымен қатар тар және күрделі жағдайларда автономды түрде ұша алады. Үлгінің тағы да бір артықшылығы – нүктелер бойынша ұшу, яғни экран бетінде жай ғана сызық сызасыз да квадрокоптер белгілі бір биіктікте қалқып, берілген бағыт бойынша ұшады. Ұшқыш камераны басқарумен айналыса алады, ал ұшуды дронға қалдырамыз: бейне басқару құрылғысына онлайн-режимде жіберіледі. Аппарат көтерілетін ең жоғарғы нүкте – ұшып шығу нүктесінен жарты километр», – деп атап айтты  ол.

Еуразиялық Топтың кәсіпорындары арасында алғашқы болып дрон сатып алған «ССКӨБ» АҚ-ында ұшқыш аппаратты пайдаланудың оң нәтижесі бар.

ЕЭК қызметкерлері бір кішкентай квадрокоптер кәсіпорынның жұмысын одан әрі қауіпсіз және тиімді ететіне сенімді. Өйткені тың технологиялар  жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. 


Back to the list