19.09.2017
Спорттық нысан құрылысын "ҚПО б.в." компаниясы 860 миллион теңге бөлген.
«Облыста 4 ірі спорттық кешеннің 2-уі Ақсай қаласына салынды. Бұл жобалар Елбасы тапсырмасына сəйкес бұқаралық спортты мақсатында жүзеге асуда», - деді Батыс Қазақстан облысының əкімі Алтай Көлгінов кешеннің ашылу салтанатында.
Айта кетерлік жайт, шағын шаһардағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін «Фирма АТК» ЖШС салған. Мұнда 320 орынға лайықталған ғимарат бар. Оның ішінде жаттығу залдары, бокс, тоғызқұмалақ, волейбол секцияларына арналған бөлмелер жəне медициналық кабинет орналасқан. Кешен аумағында футбол, волейбол, теннис жəне жеңіл атлетикаға арналған жүгіру жолағы, 1200 көрермен орындығы ғана салынған. Сонымен қатар, мұнда 824 оқушы кешенде спорттың 15 түрімен айналысады.