• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Шымкентте халықаралық деңгейде теннис корты пайда болады 18.09.2017

Теннис корты 100 орынды трибунасы бар 2 теннис корты, 20 орынды жатақхана мен 50 адамдық асханасы болатын бiрыңғай спорт кешенiнiң құрамына кiретiн болады. Қазiр құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылуда. Құрылыс жұмыстары 2017 жылдың соңында аяқталады деп күтiлуде.

Жаңа нысан Абай саябағында салынуда. Жұмыс бiткен соң жаңа теннис кортында халықаралық деңгейдегi жарыстар өткiзуге болады. Құрылысты «А.Р.Т.-Құрылыс» компаниясы атқаруда.

Сонымен қатар әкім  қалалық зообақты қайта құру жұмыстарының екiншi кезеңiн бақылап қайтты. Бұл жұмыстар аяқталған соң зообақта жаңа 9 вольер пайда болады: тауыс, келестер мен тасбақа, гепард пен сурикат, жапон маймылы мен жыртқыш құстарға арналған.

Бұдан басқа, террариум да қайта жөнделедi, бақылау пунктi пайда болады. Қазiр зообақ аумағында құрылыс-монтаж жұмыстары жүруде. Биыл гепард вольерi, ал 2018 жылы қалғандары пайдалануға берiледі. Бұған қоса Азия құрлығы мен арыстан, жолбарыс, аю мен жыртқыш құстарға арналған бiрнеше вольер мен аквариум құрылысының ЖСҚ жасалуда.


Back to the list