• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Австралиялық  компания СҚО-да геологиялық барлауды бастады 15.09.2017

Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, «Iluka Exploration Kazakhstan» трансұлттық компания, ол минералды құмдарды барлау және зерттеу жұмыстарымен айналысады. Сонымен қатар, әлем бойынша циркон мен рутил өндіретін ірі өндіруші.

«Ағымдағы жылдың жазында біз кездесіп, аймақтағы геологиялық барлау жұмыстарының жоспарын талқыладық» — деп атап өтті өңір басшысы Құмар Ақсақалов.

Ал, облыс әкіміне зерттеу жұмыстарының барысы туралы компанияның бас директоры Тони Торнтон айтып берді.

«Қазіргі таңда біз тек Солтүстік Қазақстанда жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінде Қостанай облысындағы жұмысымызды аяқтадық. Біздің компания минералды құмдарды барлайды, жобалар жасақтап, маркетинг пен жұмыстар жүргізетін алаңдарын табысты жүзеге асырады», - деді Тони Торнтон.

Облыс әкімі алғашқы нәтиже қашан белгілі болатынына қызығушылық танытты.

Тони Торнтонның айтуынша, олар қысқа қарай күтілуде. Егер геологиялық барлау жұмыстары барысында минералды құм табылса, онда осы жерде оларды өңдеу бойынша зауыт салынады. 


Back to the list