• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
BI Group Construction Шымкентте бірқатар ірі жобаларды іске асырмақ 15.09.2017

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, жиында BI Group Construction-ның бизнесті дамыту бойынша басқарушы директоры Аян Зикирин компанияның тарихы мен алдағы мүмкіндіктері жөнінде арнайы таныстырылым жасап, Оңтүстік үшін ойластырылған жобаларды ұсынды.

Өз кезегінде, облыс әкімі компания жетекшілігін Шымкентте бой көтеріп жатқан маңызды нысандар – «Shymkent City» жобасына, әлеуметтік нысандар – мектеп, балабақшалар мен ауруханаларды, атап айтқанда, онкологиялық орталық пен туберкулез диспансерін, сонымен бірге, спорт кешендерін салу жұмыстарына қатысуға шақырды.

Жиын қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта ұсынылған жобалар аясында нақты келісімдер жасасып, уағдасластық орнатуға бекіді.

Айта кету қажет, Қазақстанда нөмір 1-ші, әлем нарығында 185-орындағы құрылыс компаниясы болып табылатын серіктестік құрылыс саласында соңғы 22 жылдан бері түрлі ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді.

 


Back to the list