14.09.2017
ШҚО әкімдігінде хабарлағандай, келесі айда олардың үйлеріне іргелес аумақ толығымен өзгермек. Мұндай жұмыстар барлық шағын аудандарда жүргізілетін болады. Даниал Ахметов қала әкіміне бір ай ішінде барлық жөндеу жұмыстарын аяқтап, абаттандырылуы қажет қалған аула аумақтарының тізімін құрастыруды тапсырды.
«Жалпы Өскемен қаласында аулаларды абаттандыруға облыстық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінеді. Келесі жылы жарықтандыру орнатылады. Алдымен ол мектеп, балабақша, аурухана аумақтарында жүргізіліп, кейіннен барлық аулаларда орындалады. Болашақта барлық аулаларды бейнекамералармен жарақтандыруды жоспарлап отырмыз», – деді өңір басшысы.