• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Өскеменде аулаларды абаттандыруға 2 млрд теңге бағытталмақ 11.09.2017

YK-news.kz хабарлағандай, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қала аулаларының бірінде болып, жергілікті тұрғындарға қалалық көпқабатты үйлердің жанындағы аумақтарды абаттандыру қалай жүргізілетіні туралы айтып берді. 

Әкім қаладағы аулалар жақын арада өзгеретінін айтты. Бірнеше ауланы абаттандыру жұмысы қызу жүріп жатыр. Даниал Ахметов қала әкіміне бір ай ішінде барлық жөндеу жұмыстарын аяқтап, ретке келтіруді қажет ететін қалған аула аумақтарының тізімін құрастыруды тапсырды. Аулаларда балаларға арналған ойын алаңдары салынады, көлік жүретін жолдар кеңейтіліп, тұрақ орындары қосылады. 

«Жалпы, Өскемен қаласының аулаларын абаттандыруға облыстық бюджеттен 2 млрд теңге бөлеміз. Келесі жылы жарықтандыру орнатылады. Алдымен мектеп, балабақша, аурухана аумақтарында, кейін үй аулаларында орнатылады. Болашақта барлық аулаларды бейнекамералармен жарақтандыруды жоспарлап отырмыз», - деп мәлім етті Д. Ахметов.

Айта кету керек, Өскемен қаласында жоспар бойынша көшедегі 12 мың шам жаңаларына ауыстырылып, ескілері аулаларда орнатылмақ.


Back to the list