• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астана тұрғындарының әлеуметтік осал топтарына көмір сатып алуға көмек көрсетіледі 11.09.2017

Өткен екі жылыту маусымында қала билігі өтініш берген 1262 адамға көмек көрсетті, атап айтқанда 21,33 млн теңгеге көмір сатып алынды. 

Зейнеткерлерге, әлеуметтік әлжуаз санатындағы отбасыларға көмір сатып алуға көмек көрсетіледі. Биыл құжаттар 15 қазаннан бастап қабылдана бастайды. Әлеуметтік көмек жеке секторда тұратын  зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедектігі бар балаларға көрсетіледі. Көмек жоғарыда көрсетілген санаттағы кірісі 73 мыңнан аспайтын адамдарға беріледі. 

"Мәселен, айына 200 мың табатын отбасы мүшесі үйіндегі жұмыс істемейтін отбасы мүшелеріне бөледі, сол кезде қаражат 73 мыңнан аспаса, көмек алуға өтініш жаза алады. Әрине бұл жоғарыда көрсетілген санаттағы адамдар үшін,- деді Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы мемлекеттік қызмет бөлімінің басшысы Бибінұр Ахмадиева.

Аталмыш басқармада xабарлағандай, жылыту маусымына өтемақы 8 АЕК мөлшерінде төленеді. Жылыту маусымы - қазан-сәуір айлары. Егер де бір үйде көмек ала алатын бірнеше адам тұрса, өтемақыны тек біреуі ғана ала алады. 


Back to the list