04.09.2017
«2017-2018 жылдарда жылыту маусымында коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй мен әлеуметтiк сала нысандарын дайындауға бюджеттен 2 млрд. 419 млн. теңге, кәсiпорынның жеке және кредиттiк қаржысынан 11 218 млн теңге бөлiнген», — дедi Тасмұрат Қатқадамов.
Осылайша, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ғы алдағы жылыту маусымының дайындығына 5 млрд. 618 млн. теңге, соның iшiнде жөндеу қорынан 1 млрд. 600 млн. теңге, инвестициялық бағдарлама 4 млрд 18 млн теңге бағыттады.
29 тамызға дейiн ПЖЭО-2 9 қазандық агрегаты, 5 турбоагрегатты және 5 бойлер қондырғысын жөндедi. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның ЖЭО-2-ге көмiр кестеге сай жеткiзiлiп жатыр. Қоймада 126,6 мың тонна көмiр мен 211 тонна мазут бар. Жылыту маусымының басталуына, яғни 1 қазанға дейiн 204,4 мың тонна көмiр әзiрлеу жоспарланып отыр.
Бюджеттiк мекемелер жылыту маусымына 173,8 мың тонна көлемiнде көмiр жеткiзу бойынша келiсiм жасасқан, оның 163,5 мың тоннасы немесе 94%-ы жеткiзiлдi.
«Үстiмiздегi жылы бiлiм мекемелерiнде 60 қазандықты тысқа шығару жоспарланған. Бiлiм басқармасының 29 тамызға берген ақпараты бойынша мектептерден шаруашылық тәсiлмен 8 қазандық мекеме сыртына шығарылды, 6-уы бойынша жұмыс жүргiзiлiп жатыр. 26 қазандық «Сапро-Нат» ЖШС-нiң сенiмдi басқаруына берiлдi, сондай-ақ, тағы 26 қазандықты сенiмдi басқармасына беру жоспарланған», — дедi Тасмұрат Оқанұлы.