04.09.2017
ТЖД бөлімдерін арнайы көліктермен және жабдықтармен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 130 мл теңге бөлінді.
Анатолий Шкарупа облыс әкімі басшылығы атынан Төтенше жағдайлар департаменті мен оның барша бөлімдерінің қызметкерлерін құттықтап, төтенше жағдайлардан келетін апаттардың, оның ішінде тасқын, судағы қайғылы оқиғалар, орман өрттері кезіндегі зардаптардың салдарын барынша азайтуға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
«Біз осы жаңа техникаларды бір ай бұрын ғана сатып алдық. Жезқазған және Теміртау гарнизондарына екі «Камаз», Ақтоғайға –«Газ» жеткізілді. Былтырғы жылы екі әмбебап «Трэкол» жол талғамайтын көлігін алған болатынбыз, биыл да қыс маусымына қажетті екі автотиегіш алмақшымыз. Қазіргі арнайы техникамен жабдықталу -70%. Әлі де инженерлік техника, «Камаздар» жетіспейді. Бұл мәселелерді шешу үшін облыс әкімімен жұмыс жүргізіліп жатыр»,-деді Қарағанды облысының ТЖД басшысы Ибрагим Құлшымбаев.
ТЖД басшысы сондай-ақ, департамент пен оның бөлімдерінің төтенше жағдайлар кезіндегі құтқару жұмысын жоғары бағалады.
Конституция күні құрметіне өткізілген жиында жас офицерлер жаңа атақтарға ие болып, мекеменің, ТЖ комитетінің медальдары мен мақтау қағаздарымен марапатталды. Салтанатты жиыннан соң қонақтарға жаңа техникалар көрсетіліп, өртке қарсы арнайы бөлім ғимараты таныстырылды.