24.08.2017
Облыс басқармалары, Орал қаласының басшылығы және селекторлық режимде аудан әкімдері қатысқан жиында өңір басшысы азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау, білім беру басқармаларына қатысты мемлекеттік – жекеменшік серіктестікті дамытуға күш салу қажеттігін атап өтті.
«Березовка мен Бестау ауылдарының тұрғындарын көшіру жұмыстары Елбасының бақылауында тұр. Қазірдің өзінде 29 отбасыға үйдің кілттері табысталып, 16 отбасы қоныстанды. Бұл мәселені аудан әкімдігі мен құрылыс басқармасы тұрғындарды қоныстандыруды тиянақты аяқтау қажет», – деді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеп, бұл жұмыстарға жастарды көптеп жұмылдыру керектігі айтылды. Сондай-ақ, «Туған жерге тағзым етіп, еңбегі сіңген азаматтарды ұмытпауымыз керек, - деді өңір басшысы.
Жиын барысында ауыл шарушалығы басқармасының басшысына орақ науқанын шығынсыз аяқтап, Мемлекет басшысының ауылшаруашылық кооперативтерін құру туралы тапсырмасын тиісті деңгейде орындау керектігін айтты.