24.08.2017
Алматы қаласының әкімдігінде хабарлағандай, бірінші объектінің ауданы 13 мың шаршы метрді құрамақ. Кеңседе 64 кабинет, 4 коференц-зал, 1000 адам сыятын көрме аймағы және балаларға арналған аймақ болады. Ойластырылған инфрақұрылым 6 қоғамдық тамақтану нүктесін, сондай-ақ жер асты және жер үсті паркингін қамтиды. Кеңсе кәсіпкерлерге арналған.
Екінші объект ауданы 10 мың шаршы метрді құрайтын «SmArtPoint» коворкинг-орталығы. Бұл өзгеше жұмыс форматымен ерекшеленетін жаңа коворкинг.
Мысалы, барлық ниет білдірушілер бірінші қабатта коворкинг инфрақұрылымын тегін пайдалана алады. Оған Заманауи өнер орталығы, Impact Hub әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту желісі, Expo-аймақ, сондай-ақ жастарды дамытуға арналған American Corner + Maker’s Space кіреді.
Екінші қабатта абонементтер жүйесі жұмыс істейді, бұл кеңселерді ғана емес, сонымен қатар, демалу және ойын-сауық аймақтарын да пайдалануға мүмкіндік береді. Мұнда фитнес-орталық, йога-зал, кітапхана, театр аймағы, көрме аймағы, амфитеатр, компьютерлік ойын аймағы, технологиялық зертхана кіреді.
Қазіргі уақытта коворкинг ішінара пайдалануға енгізілген.