• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақмола облысында ірі стадион қайта жаңартылды 22.08.2017

Ақмола облысының Жарқайың ауданындағы «Жастар» стадионын күрделі жөндеуге 100 млн теңге жұмсалды. 

1500 адамға арналған стадион өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2017 жылғы шілде - тамыз аралығында үш ай ішінде қайта жаңартылған. 

Оның ауданы 1843 шаршы метрді құрайды. Стадионда футбол алаңы, ұзындыққа секіру секторы, 400 метрге жүгіруге арналған жол, сондай-ақ волейбол және баскетбол алаңдары қарастырылған.   

«Жастар» стадионында "Ақ бидай" облыстық 30-шы спартакиадасының салтанатты ашылуы өтеді. Жарыстар спорттың барлық түрлері бойынша өтпек: ол футбол, волейбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, шахмат, шашки, отбасылық старттар. 


Back to the list