22.08.2017
Комиссия Қостанай облысының тұрғыны Жолболсын Әбішевтің бизнес жобасын қолдады. Бұл жылу берудің ең арзан түрі, күн энергиясын толыққанды қолдануға мүмкіндік береді. Алғашқы бірегей жылыжайларды Жолболсын Германияда көрген.
Кәсіпкер көкөністі тек ауылдықтарға ғана емес, толық ауданға шығаратынын айтты. Бұл болашақта жүзеге асырылмақ. Жақын арада ол 3 млн теңге несие алып, термос-жылыжайдың құрылысына кірісуді жоспарлап отыр.
Айта кетерлігі, Қостанай облысында жыл басынан бері «Бастау-бизнес» жобасы аясында үш топ оқытудан өтті, олардың саны 626 адам. Оның 166-сы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-дан несие алуға өтініш берді, 18 жоба мақұлданды. «Атамекен Қостанай» ЖҚҰ 94 несие берді, 29 бизнес жоспарды мақұлдады.
«Бастау-Бизнес» жобасы биыл Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасының екінші бағыты бойынша іске қосылған болатын.