18.08.2017
Мейрам Бегентаевтың мәліметі бойынша, 300 млн теңгенің 435 тонна көлеміндегі өнімі жеткізіледі.
«Павлодар облысынан 45 тонна ет пен ет өнімі жеткізіледі, 200 тонна картоп, 90 тонна көкөніс пен 100 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізіледі. Павлодарлық ауыл шаруашылығы тауарлары астаналықтардың сұранысына ие», - деді облыс әкімінің орынбасары.
Павлодар облысының басшылығы атағандай, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде еттің бағасы арзан болады. Мәселен, жылқы еті келісіне 1500 теңгеге, сиыр еті 1200 теңгеге, қой еті 1150 теңгеге, құс еті 600 теңгеге сатылады. 1 келі картопты 80 теңгеден алуға болады.
«Өз өнімдерін Қазақстан мен шетелде танымал кәсіпорындар таныстырады. Мәселен, «Рубиком» ЖШС, «КЭММИ», «Крендель», «Шарбақты құс» және т.б», - деді М.Бегентаев.
Жәрмеңке «Қазақстан» спорт кешенінің автотұрақ алаңында 19-20 тамызда өтеді.
Айта кетейік, 19-23 тамыз аралығында ЭКСПО-2017 аясында Павлодар облысының мәдениет күндері өтеді.
Ақбота Күзекбай