18.08.2017
Аталған учаскенің жалпы ұзындығы 23 шақырымды құрады. Жолдағы қозғалыстың қарқындылығы тәулігіне 18 мың автокөлікті құрайды. Асфальт төсемін орнату жол төсемінің төзімділік қабілетін көтеруге, жарықтарды болдырмауға және бірізділік жолдың пайда болуының алдын алуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, мерзімінен 4 ай бұрын ұзындығы 11 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар «Өзбекстан Республикасы шекарасы (Ташкентке қарай)-Шымкент-Тараз-Алматы-Хоргос (Алматы-Хоргос) автомобиль жолында орташа жөндеу бойынша жұмыстар аяқталған. Жолдағы қозғалыстың қарқындылығы тәулігіне 7 500-ден артық автокөліктерді құрайды.
Ағымдағы жылы, сондай-ақ, келесі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы учаскелерде орташа жөндеуді аяқтау жоспарлануда:«Кеген-Нарынкөл» (кедір-бұдырлы жоғарғы қабатты өңдеу орнату), учаскенің ұзындығы 49 шақырымды құрайды, жүзеге асыру мерзімі 2017 жылдың сәуір-қазан айлары;«Көкпек-Кеген-Түп-Жалаңаш-Саты-Құрметті-Көлсай өзеніне кіреберіспен» ресайклнглеу технологиясын қолдану арқылы.
Аталған учаскенің ұзындығы 21 шақырымды құрайды, жүзеге асыру мерзімі 2017 жылдың сәуір-қазан айлары;«Өзбекстан Республикасы шекарасы (Ташкентке қарай)-Шымкент-Тараз-Алматы-Хоргос (Алматы-Хоргос)» (кедір-бұдырлы жоғарғы қабатты өңдеуді орнату) учаскенің ұзындығы 28 шақырымды құрайды, жүзеге асыру мерзімі 2017 жылдың сәуір-қазан айлары.