16.08.2017
Өңір әкімдігінің мәліметі бойынша, 2017 жылы 13,4 млрд теңге сомасына 123 жоба субсидияланған, төленген субсидиялар сомасы 920,8 млн теңгені құраған.
Шығыс Қазақстан облысы субсидияланған жобалардың саны бойынша республика бойынша 1-орын алады.
Субсидиялаумен облыстың барлық өңірлері қамтылған, жобалардың ең көп саны Өскеменде - 334, Семейде - 186, Зырянов ауданында - 71, Глубоковский ауданында - 44, Риддер қаласында - 42, Бородулихинский ауданында - 23 жоба.
Сондай-ақ, 8,4 млрд теңге сомасына 247 жоба кепілдендірілген, ұсынылған кепілдіктер сомасы 3,76 млрд теңгені құрайды.
2017 жылы 522,6 млн теңге сомасына 74 жоба кепілдендірілген, несиелер сомасы - 896,7 млн теңге.
Кепілдіктер саны бойынша Шығыс Қазақстан облысы республика бойынша 1-орын алады.
Бұдан бөлек, 222,9 млн теңге сомасына 79 жоба бойынша грант берілген (ағымдағы жылы қазан айында беру жоспарланған); моноқалаларда 892,9 млн теңге сомасына 256 шағын несие берілген (ағымдағы жылдан бастап моноқалаларда шағын несиелерді беру Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда).
2017 жылы «Бизнес - Кеңесші» және «Бизнес - Өсу» компоненттері бойынша әлеуетті және жаңадан бастаған кәсіпкерлерді бизнесті жүргізу негіздеріне оқыту және консультациялық сүйемелдеу бойынша қаржылай қолдау аясында 582 адам оқудан өткен, ШОБ топ-менеджментін оқуға 36 кәсіпорын басшысы қатысқан.
"Қолданыстағы бизнесті жүргізуді сервистік қолдау" жобасы шеңберінде 2320 бірегей клиентке 4477 сервистік қызмет көрсетілген.
БЖК-2020 бағдарламасы аясында облыс кәсіпкерлері 2016 жыл ішінде барлығы 7,9 млрд теңге сомасына салық төлеген (2015 жыл ішінде - 5,9 млрд теңге), сондай-ақ, 210,0 млрд теңге сомасына (204,2 млрд теңге) өнім шығарылған, 674 жаңа жұмыс орны ашылған (463 жаңа жұмыс орны).