• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Өз үйіңді сал» жобасы  кезекте тұрған ақмолалықтардың санын қысқартады 09.08.2017

2016 жылдың  15 қаңтарынан бастап  2017 жылдың  31 желтоқсаны аралығында  Көкшетау қаласының Прокуратурасы «Өз үйіңді сал» жобасын жүзеге асырады. Жобаның мақсаты -  тұрғындарға  ЖТҚ  бойынша жер  учаскелерін ұсыну, ол 2004 жылдан бастап кезекте  тұрғандар санын  5000 азаматқа қысқартады.

Аталмыш жобаның авторы  Көкшетау қаласының Прокуратура  бөлімінің прокуроры  Арман Садыханов. Оның айтуынша,  осыған дейін прокуратура  соңғы бес жыл бойынша  жер алу бойынша кезекте тұрғандар санына есеп жүргізді. Зерттеу жер учаскелері берілмей, кезек жыл сайын артып жатқанын көрсетті.

«Кезек  2004 жылы басталған болатын.  Орташа есеппен, жыл сайын 700 кезекке тұрушы келеді. Қазіргі таңда  ЖТҚ бойынша баспана алуға Көкшетауда  12 000 азамат тұр.  Адамдар өздерінің конституциялық құқығын жүзеге асыра алмай отыр. Аталмыш проблеманы шешу үшін  Көкшетау прокуратурасы  ведомствоаралық бастамашылық топты құрды», - деді Арман Садыханов. 


Back to the list