08.08.2017
Қала әкімдігі хабарлағандай, биылғы жылы 146 км жолдың жөнделетіні, 97 мың шаршы метр тротуарлардың абаттандырылғаны, 14,7 км жерде құрылыстың, 42,2 км болатын арықтар желісі мен 57 көшеде қайта жасау жұмыстарының жүріп жатқандығы,32 километрден астам жылу жүйесінің жаңартылғаны, бұл өткен жылмен салдыстырғанда 2,7 есеге көп екендігі, ол кезде небәрі 12 км жылу желісінің ауыстырылғандығы айтылды.
Бүгінгі күні конкурста жеңіске жеткен Петропавл қаласының «Титан Север» ЖШС небәрі 2 км жердің жұмысын атқарған. Алматы қаласы Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының мәліметі бойынша қалған 1,5 км аумақтың жұмысы қыркүйек айының ортасына таман аяқталады.
Жаяу жүргіншіге басымдық беретін бұл учаскелерде кеспе тастарды, арық лотоктарын төсеу, құрғақ су бұрқақтарын жасау жұмыстары жүріп жатыр.Жооғарыда аталған көшелерде бірыңғай архитектуралық стиль қалыптастыру үшін нысандардың сыртқы беттерін жаңарту жұмыстары қолға алынған.
«Көмескі кеңістікті кеңейту мақсатында биік ағаштар, қайың, емен және басқалары, мыңнан астам бұта-шілік отырғызу қарастырылған.Жалпы 330 мың шаршы метр жерге жасыл желек отырғызылады. Жұмысты биылғы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланған», - делінген әкімдік хабарламасында.
Панфилов көшесі бойымен Қабанбай батыр көшесінен бастап Жібек жолына дейінгі аралыққа гранит төселуде, мұнда демалатын орындар, ойын және спорт алаңдары болады. Осы айдың ішінде ағаштар мен гүл композициялары отырғызылады. «Астана» алаңында жүргінші аумағы мен құрғақ су бұрқақтар айналасы абаттандырылады.
Алматы әкімі жұмыс сапары барысында қала әкімінің орынбасары Ерлан Әукеновке Асқаров көшесі бойымен Әл-Фараби даңғылының батысына таман ұзындығы 3,5 км болатын жердегі су құбырлары жүйесін қайта жасау жұмыстарының өте төмен қарқынмен жүріп жатқаны үшін сөгіс жариялады.