08.08.2017
2014 жылы ерейментаулық кәсіпкерліктің қуаттылығы 40 мың шлемді құраған болатын. Өткізу нарығы ҚР мен ТМД-ның күштік ведомстволары. 2017 жылы кәсіпорын өндіріс көлемін арттыру.
«KAZ ARMS» ЖШС жетекшісі Руслан Крафтың айтуынша, биылғы жылы Ұлттық гвардия мен ІІМ тапсырысы бойынша кәсіпкерлік 5600 қорғаныс шлемін 259 млн теңгеге шығаруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, қосымша құрылыс материалдарының цехі іске қосылды.
« «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту және қолдау бағдарламасы аясында 2017 жылдың маусым айында бізге қондырғы сатып алу үшін 208 млн теңге көлеміндегі несиеге рұқсат берді», - деді Руслан Крафт.
Айта кетейік, бүгінде кәсіпорында 95 адам жұмыс істеп жатыр. Орташа айлық 70 мың теңгені құрайды.