• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алакөл көлін абаттандыруға 2,5 млрд теңге бағытталды 04.08.2017

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, әкім жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, осы өңірді анағұрлым танымал етуге, туристік ағымды ұлғайтуға мүмкіндік беретін идеяларымен бөлісті.     

Даниал Ахметов көл жағалауының шығыс-қазақстандық бөлігін абаттандыруды ерекше бақылауға алған. 

«Біз алғашқы қадам жасадық,  2 миллиард теңге, абаттандыруға 550 миллион теңге ақша бөлдік. Нәтижелері бар, негізгі жұмыстар орындалды», - деп атап өтті әкім.

Кәсіпкерлермен кездесуде өңір басшысы жағалаудағы сауда объектілерін жаңартудың екі нұсқасын ұсынды.  

«Біріншісі, жұмыстар облыстық бюджет есебінен жүргізіледі, ал кәсіпкер болашақта құрылысты жалға алады. Немесе кәсіпкер жөндеу мен абаттандыруға өз қаражатын салады», - деп түсіндірді Д.Ахметов.

Бұдан бөлек, Даниал Ахметов келесі жылы жергілікті "арбатты" тағы 500 метрге кеңейту, шығысқазақстандықтар үшін авиатасымалдауға жеңілдіктер енгізу, жағалауды одан әрі абаттандыруды жалғастыру жоспарланғанын айтты. Жобалардың бірі бойынша Өскемен-Шар-Жалаңашкөл станциясы теміржол қатынасы көзделеді. 


Back to the list