• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қарағандыда «ақылды қала» технологиясын енгізу жоспарлануда 04.08.2017

Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, ЭКСПО-2017 көрмесінде болған Е. Қошанов «SIEMENS» компаниясының корпоративті павильонында болып, «ақылды қала» технологиясымен танысқан. Ол күллі көрме кешінінің құрылысы барысында қолданылған. Оның негізі электр жарығын бері, су, жылу және қауіпсіздік жүйесі арнайы бағдарламамен реттеліп отырады және автоматты түрде анықталады. Осылайша, қызмет көрсету процесіне адам аз тартылады және ақаулар пайда болған сәтте анықталады.

Ерлан Қошанов қарағандылық мамандарды «SIEMENS» компаниясының аталмыш технологиясымен танысуға жіберуді тапсырды. Бұл неміс компаниясының әлем бойынша заманауитехнологиялы құрылыс жобаларын жасақтауда тәжірибесі мол. 


Back to the list