• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жамбыл облысында  12 инвестжобаны жүзеге асыру жоспарланған 03.08.2017

Әкімдіктің  мәліметінше, өнеркәсіп өсімі  тау-кен өнеркәсібі  саласындағы карьерлерді өңдеу көлемі есебінен  қамтамасыз етілді.  Мембюджетке  37 млрд теңгеден астам  салық пен міндетті төлем құйылды. Жергілікті бюджетке  түсім  21,6 пайызға көбейді.

Сондай-ақ, индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында  облыста  515 млрд теңгеге   34 инвестжоба жүзеге асырылып жатыр. Оған  5 мың жұмыс орны ашылады.

Ағымдағы жылы 15,4 млрд теңгенің  12 инвестжобасын жүзеге асыру көзделген.  Ол 1400 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері  7,3 млрд теңгенің  5 инвестжобасы жүзеге асырылды.

Екінші жарты жылдықта  7 млрд теңгеге  7 жоба жүзеге асырылады деп күтілуде.

Облыс әкімі айтып өткендей, жанармай-энергетикалық кешен нысандары мен тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылық нысандарын  үзгі-қысқы мерзімге дайындау жүзеге асырылады. 


Back to the list