03.08.2017
«Жобаның жалпы құны 1 млрд. 258 млн. теңге. Бүгiнгi күнге дейiн оның 275 млн. теңгесi игерiлдi, яғни жылдық жоспардың 27%-ы. Биыл сомасы 900 млн. теңгенi игеру жоспарланған. Осы жол өткелi бойынша төменгi жұмыстардың барлығы аяқталып келедi. Содан кейiн жол өткелiнiң тiрек бөлiктерi мен жабылғы құрылғылары құрастырылады», — дедi Болатбек Айтбаев.
Жол өткелiнiң бiр бөлiгiн алдын ала бекiтiдген жоспар бойынша биыл қазан айында аяқтау жоспарлануда. Облыс әкiмiнiң тiлегi мен құрылыс мерзiмiне қойылатын талапқа қарай жұмысты қыркүйек айының соңында аяқтау белгiленуде. Екiншi бөлiгi бойынша жұмыс қатар жүргiзiдедi. Оны 2018 жылдың қараша айында аяқтау жоспарланған.
«Көпiрдi жөндейтiн уақыт та келдi. Тамыз айының ортасында қауiпсiздiк үшiн бiр жарым айға қозғалысты жаба тұру керек болады», — дедi облыс әкiмi.
Осы жерде «Спутник-1» саяжай қоғамының иелерi облыс әкiмiне өз өтiнiштерiн айтты. Олардың сөзiне қарағанда, онда су қоймасы бар, су аққан кезде саяжайларға қарай ағады. Қалалық әкiмдiк су ағызуды ұйымдастырған. Бақшашылар осы мәселенi шешудi сұрайды.
«Бiз тазарту қондырғыларын қойдық. Мен бiрнеше рет болдым. «КамАЗ» дүкенi ауданы төменде орналасқандықтан, су соған қарай ағады. Дүкен директорымен кездестiк. Қазiр суағарға жабалық-сметалық құжаттар әзiрлемекпiз. Басқа жолмен оны шеше алмаймыз. Онда су ағызу жүргiзiлiп жатыр, уақытша құбыр қойып, суды сорудамыз. Ол проблеманы жартылай ғана шешедi. Сондықтан жабалық-сметалық құжаттарды дайындау жоспарлануда», — дедi қала әкiмi Марат Тасмағанбетов.
«Есептеймiз, қымбат бола қояды деп санамаймын. Бұл мәселенi шешемiз», — дедi облыс әкiмi.
Безендiру тұжырымдамасымен таныса келiп, өңiр басшысы Құмар Ақсақалов барлық мәселенi қала құрылысы кеңесiнде қарауды ұсынды.
«Қаланы безендiру бойынша барлық мәселелердi қала құрылысы кеңесiнде қараймыз. Жас сәулеткерлер мен дизайнерлердi шақыру керек. Барлық идеяларды тыңдап, шешiм қабылдаған жөн. Қайта жаңғыру болғанын қолдаймыз. Қаланың заманауилығы мен стилi сәйукч болуға тиiс», — дедi өңiр басшысы.
Одан кейiн өңiр басшысы «Жас өркен» шағынауданын қайта құру барысымен танысты.
Облыс орталығының әкiмi Марат Тасмағанбетов тұрғын үй кварталдарының құрылысы туралы айтып бердi.
«Қазiр үшiншi квартал бойынша жұмыс жүрiп жатыр. Тапсырыс берушi — қала құрылысы бөлiмi. Конкурстық процедуралар өттi. «Основание» ЖШС 32 қабатты тұрғын үй кешенiнiң құрылысын салады. Жалпы аумағы — 248 мың шаршы метр. Оның 133-i — бiр бөлмелi, 83-i — екi бөлмелi, 116-сы — үш бөлмелi. Бұл үй өте қолайлы орында тұр деп ойлаймын. Онда шағын орталықтар орналасатын болады, бұл үй 100 пайыз «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ арқылы өтуге тиiс деп есептеймiн», — дедi Марат Тасмағанбетов.
Жұмыс сапары барысында Құмар Ақсақалов С.Мүқанов көшесiндегi жолға орташа жөндеу жүргiзiлу барысымен танысты.
Жергiлiктi бюджеттен аталмыш нысанға 72 млн. теңге бөлiнiптi. Жұмыс Горький көшесiнен Пушкин көшесiне дейiн жүргiзiлуде.
Облыс әкiмi биыл автомобиль жолдарын қалпына кеотiруге 2 есе көп қаржы бөлiнгенiн атап айтты.
.