• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жарықдиодты өнім шығаратын зауыт  экспортқа шығуға дайындалуда 02.08.2017

Төрт жыл ішінде жарықдиодты  өнім шығаратын кәсіпорын  өзін отандық нарықта сәтті жарнамалады.  Тауар сапа мен сұранысқа ие.  Бұл туралы  Атбасар жарықтехникасы мен «Қазтехникс» металл құрастырмаларын шығаратын зауыттың коммерциялық директоры  Айжарқын Уәлиев  өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, компания ТМД елдеріне экспортқа шығуға дайындалып жатыр.  Кәсіпорын қызметі жарықдиодты  шамшырақ шығаруға бағытталған.

Компанияның  басым бағыттары – өзіндік корпус негізінде  шамшырақтарды жинау, жарықдиодты шамдардың корпусын жобалау.

Бір шамшырақтың орташа құны  2000 мың теңгеден басталады.  Электр ресурстарын үнемдеу  65 пайызды құрайды.

Бүгінгі таңда кәсіпорында  25 қызметкер жұмыс істеп жатыр.  Жалақы  60 мың теңгеден басталады.

Ақмола облысының әкімдігі хабарлағандай,  компания жақын арада шақын шетелге экспортқа шығуды жоспарлап отыр. 


Back to the list