01.08.2017
«ҚР Президенті өзінің халыққа Жолдауында әрдайым туристік саланы дамыту керектігін атап өтеді. Бүгінде аймағымызда 14 туризм және экология орталығы жұмыс істейді, оның 2 -уі қалада, 12 елді мекендерде. Батыс Қазақстан облысында балалар-жасөспірімдер туризміне ерекше көңіл бөлінеді. 9 орталықтың жанынан қалада маусымдық балаларға арналған турбазалары құрылған, олар жыл бойы жұмыс істейді», - деді әкімнің орынбасары.
Атап өтер болсақ, аймақтағы балалар жасөспірімдер туризмі республика бойынша бірінші орында және біздің облыстық орталығымызда ЮНЕСКО клубы мәртебесі берілді.
Сонымен қатар, әкімдік туризм саласына инвестиция тарту бойынша жұмыстарды белсенді жүргізуде.
«Батыс Қазақстан облысының туристік базалары 86 мыңнан астам адамға 2,9 млрд теңгенің қызметін көрсетті. Бүгінде итальяндық компаниямен инвестиция тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде», - деді Арман Өтеғұлов.
Бұдан басқа, БҚО-да инвестиция тарту мақсатында ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы»АҚ аймақтық кәсіпорны ашылды.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Батыс Қазақстан облысының күндері өтуде. 31 шілде және 4 тамыз аралығында Батыс Қазақстан облысының мәдениет күндері аясында Астанада 10 концерттік бағдарлама, 8 театрландырылған қойылым және мәдени көрмелер өтеді.
Ақбота Күзекбай