01.08.2017
Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша 99 сертификатты иелері отандық өндірістің 74 көлігін сатып алу үшін пайдаға асырды.
«Ескі көліктерді тапсыру бойынша Қостанай қаласы көш бастап тұр, онда жаңа бағдарлама бойынша 105 көлік тапсырылған. Содан соң Павлодарда — 86 автомобиль, үштікті Алматы қаласы қорытындылады, онда 35 көне көлік жеңілдігі бар сертификатқа алмастырылды», - делінген ведомствоның жарияланған ақпаратында.
Қайта пайдаға жаратуға 304 ескі жеңіл көлік, 15 жолаушылар және 17 жүк көлігі өткізілді. Жеңілдік сертификаттары бойынша өткізіліп жатқан көліктер 1980 мен 1993 жылдар аралығында шығарылған.
Айта кетерлік жайт, бағдарлама екі сертификатты бір көлікті алу үшін қосуға және сертификатты екінші бір тұлғаға тіркеуге (екі рет) мүмкіндік береді.
Тіркелгеннен кейінгі сертификаттың жарамдылық мерзімі — 12 ай.